11 қыркүйек 2018 17:21

ІІМ өкілдері бүйрегі жоқ өлі табылған қыздар жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Whatsapp мессенджерінде бүйрегі жоқ өлі табылған қыздар жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Осыған дейін қолданушылар Whatsapp мессенджерінде бүйрегі жоқ өлі табылған қыздар жайлы хабарламалар таратқан болатын.

"Қайырлы күн! 6-8 жастағы екі қыз өлі табылды, олар жолдың шетінде жатты. (...) Бүйректері жоқ. Балаларыңызға қарап жүріңіздер, далаға қараусыз жібермеңіздер", -делінген хабарламада.

Алайда Қазақстанның ІІМ өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды. Олардың мәліметінше, бұл хабарламаның біздің елге қатысы жоқ.

"Әлеуметтік желілерде денесі табылған қыздар түсірілген суреттің біздің елге қатысы жоқ. Ол оқиға Ресейдің оңтүстігінде Каспийск қаласында болған. Мұндай күмәнді хабарламаларды таратпауға кеңес береміз. Заңнамаға сәйкес, жалған хабарлама таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети