Марк Цукерберг Facebook желісінің жаңа функциясын тікелей эфирде таныстырды

07 Сәуір 2016, 10:09
0
Марк Цукерберг Facebook желісінің жаңа функциясын тікелей эфирде таныстырды - Марк Цукерберг. © REUTERS/Albert Gea
Марк Цукерберг. © REUTERS/Albert Gea

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг әлеуметтік желінің жаңа функциясын тікелей эфирде көрсетті. Енді кез келген адам Live функциясы арқылы тікелей видеотрансляция жасай алады.

Алғашқы видеотрансляцияны Цукерберг өзінің парақшасында жүргізді. Оның айтуынша, Live арқылы қолданушылар видео түсіріп, оны достарымен оңай бөлісе алады. Сонымен қатар, Цукерберг жаңа сервистің танымал адамдармен қатар, қарапайым адамдарға да пайдасын тигізетінін мәлімдеді.

Жаңа сервистің функцияларының ішінде топтық стриминг, видео жөнінен түрлі реакцияны бөлісу және достарды видео қарауға шақыру мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, трансляцияны жаңалықтар лентасында да, достарыңның топтарында да шығаруға болады.

Айта кетейік, Live сервисі 2015 жылдың тамызында іске қосылған болатын. Дегенмен оны пайдалануға танымал адамдарда ғана мүмкіндік болды. Facebook танымал адамдарға видеотрансляция жасағаны үшін ақша төлеуге уәде де берген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай