14 қаңтар 2020 13:11

Microsoft Windows 7 операциялық жүйесін қолдауды тоқтататты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатады. Операциялық жүйе істен шықпайды, алайда енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етілмейді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Microsoft компаниясының өкілдері Windows 7 операциялық жүйесін пайдалана беруге болатынын, алайда бағдарламалық жаңартулар болмауынан және қауіпсіздік жүйесі вирустардың жоғарғы қауіпі төнуі мүмкін.

"Windows 7 он жыл бұрын киберқауіпсіздік мүлдем басқа кезде ойлап табылған. Кибершабуылдардың жаңа түрінің немесе жаңа технологиялардың пайда болуы - қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарауға себеп болды. Windows 10 құру кезіндегі басты қағида - киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерлердің жаңа түріне қарсы тұру еді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады", - деді Ресейдегі Microsoft баспасөз қызметінің өкілдері. 

StatCounter веб-трафигін талдау сервисінің деректері бойынша 2019 жылдың желтоқсанында Microsoft операциялық жүйелерін қолданушылар арасында Windows 7 жүйесін пайдаланушылар саны әлемде 26,79 пайыз болған. Ал "онды" пайдаланушылар - 65,4 пайыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети