03 қаңтар 2018 16:22

Министрлік Айжан Байзақованың Instagram аккаунтының бұғатталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Айжан Байзақованың Instagram желісіндегі парақшасының бұғатталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Айжан Байзақованың Instagram желісіндегі парақшасының бұғатталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін  Instagram жұлдызы әлеуметтік желідегі парақшасының ашылмай тұрғанына шағымданған еді.

"Министрліктің оның Instagram желісіндегі парақшасының бұғатталуына еш қатысы жоқ", - деп хабарлады Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

"Мен өзім білмеймін, бірақ меңінше, аккаунтты көп адам шағымданғандықтан бұғаттап тастады. Сот болатын күні бұғатталғанын білемін. Сотқа кірер кезде аккаунтыма кіре алмадым. Instagram парақша бұғатталған деп жазылып тұрды. Аккаунтымды қайта қалпына келтіруін күтіп отырмын", - деді Айжан Байзақова.

Еске салайық, 26 желтоқсанда полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді. 

"Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды", - деген еді Алматы ІІД өкілдері. 

Айта кетейік, Айжан Байзақованың өзі кінәсіне өкініш білдірді. Ол сот залында қамауға алынды.  

Кейінірек қыздар ақша үшін шешінген Zakova клубы әкімшілігі үндеу жариялаған еді.

Ал 29 желтоқсанда Айжан Байзақова бостандыққа шыққан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети