Ресейлік тілшілер Астана мен Алматыны шатастырып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік тілшілер Астана мен Алматыны шатастырып алды © Vesti.ru сайтының скриншоты

Ресейлік тілшілер Алматыны қала күнімен құттықтай отырып, мегаполисті Қазақстан Астанасымен шатастырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік тілшілер Алматыны қала күнімен құттықтай отырып, мегаполисті Қазақстан Астанасымен шатастырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Россия-24 сайтында, сонымен қатар Vesti.ru басылымының twitter-аккаунтында Алматыға құттықтау сөз жазылған. Айта кетейік, сюжетте тілшілер Алматыны астана деп атамайды.

Тілшілер қаланың іргесінің 1854 жылы қаланғанын еске салды. Осы демалыс күндері Алматы қала күнін атап өтіп жатыр - түрлі алаңдарда концерттер мен дәстүрлі Apple Fest фестивальдері өтті. Ал Қазақстан астанасы - Астана күні жыл сайын 6 шілдеде тойланады. 

Айта кетейік, Россия-24 Қазақстандағы оқиғаларды осыған дейін де қате хабарлаған еді. Мәселен, 2015 жылдың шілде айында Алматы қаласында сел жүрген кезінде осы телеарнаның сюжеттерінің бірінде Алматыда түсірілген делінген видео көрсетілді. Ал негізінде тасқын судың көліктер мен ағаштарды сындырып әкетіп жатқаны бейнеленген видео басқа елде түсірілген болып шығып, кейін сайт әкімшілігі мұны техникалық қателік деп атаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети