15 маусым 2020 09:28

Сарапшы Wi-Fi желісінің қаупі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Fotolia Фото: © Fotolia

Кез келген Wi-Fi желісі адамға қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы "Цифровые платформы" автоном коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшының айтуынша, Wi-Fi роутерге зиян бағдарламалар немесе қосымшаларды жүктеуге болады. Осылайша, хакерлер сайтты айырбастап, жеке мәліметтерді және логинді, парольді оқи алады.

Сондай-ақ, хакер роутер гаджеттегі белгілі бір контентті іске қоса алады. Мысалы, интернеттегі парақшаны мемлекеттік қызметтер немесе кез келген басқа сайтқа ауыстыруға болады. Пайдаланушы осындай сайтқа өз дербес деректерін енгізген сәтте оның жеке мәліметтері хакердің қолына түседі.

"Хакерлердің құрбаны болғаныңызды түсіну қиын. Себебі, олардың №1 міндеті - барлығын құпияда ұстау. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарынан хакерлердің шабуылдары туралы естісек, бұл олардың сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді. Егер сіздің жеке деректеріңіз басқа жерде пайдаланылған болса, онда деректеріңіз өзгенің қолында екенін түсінуге болады", - деді Щелцин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети