Танымал актриса парақшасына бір тәулікте 6 миллион адам жинап алды

16 Қазан, 11:27
0
Танымал актриса парақшасына бір тәулікте 6 миллион адам жинап алды -

Голливудтық актриса Дженнифер Энистон Instagram желісіндегі парақша ашып, әлеуметтік желіні "істен шығарды". Актриса "Достар" фильміндегі басты рөлді ойғанғандармен бірге суретке түсті, - деп хабарлайды The Guardian.

"Біз енді Instagram желісінде де доспыз, Сәлем, Instagram", - деп жазды актриса. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

And now we’re Instagram FRIENDS too. HI INSTAGRAM ????????

Публикация от Jennifer Aniston (@jenniferaniston)

Басылым мәліметінше, бір сағаттың ішінде актрисаға 116 мың қолданушы жазылған, осының салдарынан платформада техникалық ақау пайда болды. Біршама уақытқа суретті көру мүмкін болмады. Енді актрисаның парақшасына жазылғандар саны 6 миллионнан асып жығылады, ал оның бірінші жазбасы 8 миллионға жуық лайк жинаған. 

"Достар" сериалы Нью-Йорк қаласында тұратын алты адамдардың өмірі жайлы. Фильм 1994-2004 жылдары аралығында көрсетілді. Барлығы 10 маусым. Дженнифер Энистоннан бөлек Кортни Кокс, Лиза Кудроу, Мэтт Леблан, Мэттью Перри және Дэвид Швиммер есімді әртістер түскен. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай