13 қазан 2021 09:29

Telegram қолданушылары мессенджер істен шыққанын хабарлап жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіл әлемдегі Telegram қолданушылары 13 қазанға қараған түні мессенджерде туындаған мәселелерді хабарлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT сайтына сілтеме жасап.


Бүкіл әлемдегі Telegram қолданушылары 13 қазанға қараған түні мессенджерде туындаған мәселелерді хабарлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT сайтына сілтеме жасап.

Шағымдар Ресейден, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Германиядан және басқа елдерден келіп түскен.

Telegram қолданушылары сервермен байланыс үзілгенін және сайт дұрыс жұмыс істемейтінін айтты.

Бұған дейін Facebook, Instagram және WhatsApp-тың істен шығуына орай бірнеше сағат ішінде Telegram-ға 50 миллионнан астам қолданушы тіркелген.

Instagram, WhatsApp және Facebook Messenger сияқты Facebook қызметтері 4 қазанда кешке істен шықты. Facebook үшін бұл 2008 жылдан бергі ең ұзақ жұмыс істемеу мерзімі болды. Кейін TikTok пен VKontakte-де де осындай ақаулар байқалды. Содан кейін Gmail (Google пошта қызметі), Netflix және Zoom істен шықты.

Кейінірек мамандар әлеуметтік желілерде не болғанын түсіндірді. Олардың пікірінше, желі қызметкерлерінің бірі Facebook желісінің конфигурациясына өзгерістер енгізген, сондықтан істен шыққан.

9 қазанда бұл әлеуметтік желілерде қайтадан ақау шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети