05 ақпан 2018 10:55

Цукерберг Facebook желісін дамыту кезінде жіберген қателіктері жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Марк Цукерберг Facebook әлеуметтік желісінің 14 жыл толуына орай осы әлеуметтік желіні дамыту кезінде жіберген қателіктері жайлы айтып берді, - деп хабарлайды L!FE.


Марк Цукерберг Facebook әлеуметтік желісінің 14 жыл толуына орай осы әлеуметтік желіні дамыту кезінде жіберген қателіктері жайлы айтып берді, - деп хабарлайды L!FE.

Бұл туралы Марк Цукерберг Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Осы жылдары мен біраз қателік жасадым. Ондаған техникалық қателік пен қате жасалған келісімшарттар. Сенуге болмайтын адамдарға сендім, дарынды адамдарды дұрыс емес поцизияларға орналастырып, маңызды трендтерді өткізіп жүрдім", - деп жазған Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы.

Жазбасының соңында Цукерберг өзінің атқарған жұмысымен мақтана алатынын айтып өтті.

Айта кетейік, Facebook - әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі. Әлеуметтік желі 2004 жылдың 4 ақпанында пайда болған еді.

Осыған дейін Марк Цукерберг жақсы қызметкерді қалай таңдайтынын айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети