13 қаңтар 2021 09:09

Үш тәулікте Telegram-ға 25 миллион адам қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пайдаланушылар Facebook-пен жеке мәліметтерді бөлісуді көздеп отырған WhatsApp-ты алмастыру мақсатында Signal және Telegram-ды жаппай орнатып жатыр. Үш тәулікте Telegram-ға 25 миллион адам қосылды. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушылардың бірі Павел Дуров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Sensor Tower мәліметінше, 6-10 қаңтар аралығында App Store және Google Play арқылы дүние жүзі бойынша 7,5 миллион адам Signal-ды жүктеген. Бұл кейінгі аптамен салыстырғанда 43 есе көп және рекорд болып отыр.

Telegram сәрсенбіден жексенбіге дейін 5,6 миллион рет жүктелді, деп келтірді деректерді Apptopia. Мессенджер АҚШ-та жүктелуі бойынша екінші орынға шықты. Ол жақта 6 қаңтардан бастап 545 мыңға жуық жүктеу болған.

Дональд Трамптың Twitter желісіндегі аккаунты бұғатталғаннан кейін, сондай-ақ оның жақтастары пайдаланатын Parler әлеуметтік желісі App Store және Google Play-ден жойылғаннан кейін Telegram кеңінен таралып кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети