"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде әуендер ақылы болмақ

20 Шілде 2016, 11:16
0
"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде әуендер ақылы болмақ - © www.iphone-gps.ru
© www.iphone-gps.ru

Ресейдің "ВКонтакте" әлеуметтік желісі аудио жазбаларды пайдалану тәртібін өзгертеді. Оны өзіңіздің парақшаңызға қосу ақылы болады, бірақ үлкен ойнату тізімдерін жасау мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, қазір әншілердің парақшаларды пайда болып, онда музыкант туралы ақпарат пен жинақ туралы мәліметтер болады. Алайда, жай ғана өз парақшаңызға қоспай іздеу арқылы аудио жазбаларды тыңдау жұртшылық үшін қол жетімді болады.

RT мәліметінше, "Әуендерді тыңдау тегін болады, алайда жаңа ақылы жүйелер пайда болады. Мысалы: аудионы өзіңіздің парақшаңызға қосу. Егер сіз орындаушыларды жақсы көрсеңіз, қолдап отыруыңыз қажет. Ал музыканттар жаңа әуендерімен сізді қуанту үшін ақша табуы тиіс. "ВКонтакте" желісінде мұны шыныаяқ кофе бағасымен бірдей ақыға жасай аласыз", - деп келтіреді "Известия" басылымы Warner Music Group Ресейдегі бас директоры Александр Блиновтың сөзін.

"ВКонтакте" - ғаламтордағы әлеуметтік байланысты орнататын жалғыз орын. Адамдар ойнату тізімдерімен бөліседі, бір-біріне әуендер жібереді. Қазіргі уақытта тек 10 аудиожазба тіркеуге болады, бұл тек жарты сағаттық тыңдалым, мұны көбейтіп толыққанды ойнату тізімдерін жасау керек. Ал, әртістердің жалпылама анықтамасы, оның барлық әуендері болуы тиіс және жинақтары бөлек бөлек болу керек", - деді Sony Music Entertainment Ресейдегі бас директоры Арина Дмитриева.

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде ақылы жүйелердің қашан енгізілетіндігі әзірге белгісіз, алайда жыл соңына дейін іске қосылады деп болжануда.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай