"ВКонтакте" мен "Одноклассники" қосымшаларында музыка тыңдауға шектеу қойылды

02 Қазан 2017, 09:37
0
"ВКонтакте" мен "Одноклассники" қосымшаларында музыка тыңдауға шектеу қойылды - © РИА Новости
© РИА Новости

"ВКонтакте" және "Одноклассники" әлеуметтік желілері ұялы телефон қосымшасында музыка тыңдауға шектеу қойды, - деп хабарлайды TJ басылымы Mail.Ru Group холдингімен бірге жұмыс істейтін United Media Agency (UMA) агенттігіне сілтеме жасап.

1 қазаннан бастап қолданушылар әуенді қосымшадан шыға отырып, тәулігіне 1 сағат қана тыңдай алады. Кейінірек тіпті 30 минутқа дейін ғана тыңдай алуы мүмкін. Басылымның мәліметінше, мұндай шектеулерді алып тастау үшін қолданушылар ай сайын 149 рубль (шамамен 875 теңге) төлеп отыруы тиіс. Ал "Вконтакте" желісін компьютер арқылы қолданатындар музыканы бұрынғыдай шектеусіз тыңдай алады.

UMA өкілдерінің айтуынша, мұндай шектеулердің енгізілуі Universal Music Group, Warner Music Group, Sony Music Entertainment және Merlin Network музыка студияларының құқық иелерінің келісімшартымен байланысты.

Ал "Одноклассники" ақылы жүйе арқылы музыканттардың өздерінің контенті арқылы тұрақты табыс табу мүмкіндігімен түсіндірді.

Еске сала кетейік, осыған дейін"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің ең ірі редизайн жасағаны хабарланған болатын. Қосымшаның басты жаңалығы - "Мінездеме беру" бөлімі пайда болады. Ол қолданушының мінез-құлқын зерттеп, сараптама негізінде оған мақалалар, суреттер және видеолар таңдап отырады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай