"ВКонтакте" өкілдері порномен және суицид жайлы пабликтермен қалай күресетінін айтып берді

03 Қыркүйек 2015, 13:05
0
"ВКонтакте" өкілдері порномен және суицид жайлы пабликтермен қалай күресетінін айтып берді - © РИА Новости
© РИА Новости

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің командасының өкілдері порнографиямен, интим-қызмет ұсынушылармен және суицид жайлы пабликтермен қалай күресетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңға қайшы контентпен күресуде қолданушылардың ролі зор екендігі айтылады. Әрбір қолданушының қандай да бір жарияланымға қатысты шағым жасауына мүмкіндік берілген. "Бұдан кейін бұйрық тәжірибелі модераторлар командасына жіберіледі, олар өз кезегінде барлық жағдайды есепке ала отырып, шешім шығарады. Жай-жапсары анық мәселелерде біз шешімді дереу шығарамыз, ал даулы жағдайларда соттардың шешіміне арқа сүйейміз", - деді "ВКонтакте" өкілдері. Сонымен қатар, кей жағдайларда қауіпті контент жасанды интеллект жүйесінің көмегімен дереу өшіріледі.

Ал суицид тақырыптары қозғалатын пабликтердің жағдайында, мамандардың пікірінше, жеке қолданылатын әдістер қажет етіледі. "Егер паблик суицид жасаудың әдістері немесе мұндай шешімнің дұрыс болатыны жайлы контентке арналған болса, онда бұл паблик өмір бойына өшіріледі. Оны қайта жандандыруға мүмкіндік болмайды. Алайда готикалық мәні баршылық пабликтер көп, онда өмірдің теперішін көрген адамдарға қарапайым қолданушылар түзелуі үшін ақыл-кеңестерін айтады. Олар өмірдің тек қайғыдан тұрмайтынын айтады, өз өмірлерінен мысал келтіріп, өмірдің мәнін түсіндіруге тырысады. Оларды жойып тастаудың салдары қиын болады", - деді әлеуметтік желінің өкілдері.

Еске салайық, 31 тамызда Рудныйда 15 жастағы жасөспірім суицид жасады. Кейін оның "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Суицид" тобына тіркелгені анықталды. Ол өзінің өлетін күнін алдын ала белгілеп, кейін тоғызыншы қабаттан секіріп кетті. Қостанай облыстық ІІД өкілдері әлеуметтік желідегі күмән келтірген топты зерттей бастады. Топтың авторлары анықталып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай