09 наурыз 2021 09:39

WhatsApp ескі iPhone-дарда жұмысын тоқтатпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Elements.envato.com Фото: Elements.envato.com

Facebook құрамындағы танымал WhatsApp мессенджерінің командасы ескі iPhone-дарды қолдауды тоқтатуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ixbt.com сайтына сілтеме жасап.


Facebook құрамындағы танымал WhatsApp мессенджерінің командасы ескі iPhone-дарды қолдауды тоқтатуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ixbt.com сайтына сілтеме жасап.

WhatsApp-тың IOS-қа арналған жаңа бета-нұсқасында iOS 9 операциялық жүйесіне қолдау жоқ. WhatsApp тарапынан осындай өзгеріс 2020 жылдың ақпанында болғанын атап өткен жөн. Содан кейін WhatsApp қосымшасы Android операциялық жүйесінің 2.3.7 және iOS 8, сондай-ақ, олардан да ескі нұсқаларымен смартфондағы жұмысын тоқтатқан болатын.

WhatsApp-та әзірге жаңа шектеулер пайда болған жоқ. Ал iOS 9-ды қолдауын тоқтату туралы шешім кейінірек ресми түрде жариялануы керек. WhatsApp сайтындағы анықтамада қазір Android 4.0.3 және одан жаңа нұсқалар, iOS 9-дан жаңа, KaiOS 2.5.1 және одан жаңа нұсқалар жұмыс істеп тұрғаны жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети