13 ақпан 2020 09:08

WhatsApp жаңа рекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

WhatsApp жаңа рекорд орнатты. Танымал қосымшаның блогында мессенджерді қолданатындардың саны екі миллиардқа жеткені жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


WhatsApp жаңа рекорд орнатты. Танымал қосымшаның блогында мессенджерді қолданатындардың саны екі миллиардқа жеткені жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Компания жіберіліп жатқан ақпаратты қорғауға көп көңіл бөлетінін атап өткен. Сондықтан WhatsApp арқылы жіберілген хабарламаның бәрі бірден шифрланады. 

"Хабарлама тек сіздің телефоныңызда сақталады, оны ешқандай үшінші адам оқи алмайды, қоңырауларыңызды тыңдай алмайды, тіпті, біз де. Сіздің жазғандарыңыз өзіңіз бен әңгімелесушінің арасында қалады", - деп жазылған WhatsApp блогында. 

Мессенджер 2009 жылы шыққан, ал 2014 жылы оны Facebook компаниясы 19 миллиард долларға сатып алған. 2017 жылы WhatsApp қолданушыларының саны бір миллиардқа жеткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети