WhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты

06 Сәуір 2016, 09:10
0
WhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты -

WhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты. Енді end-to-end шифрлеу функциясы мәтінді бөтен адамдардың оқып қоюынан сақтайды екен. Бұл туралы қосымшаның ресми блогында айтылады.

Хабарламаға сәйкес, мұндай қорғау жүесі жеке чаттар мен топ чаттары үшін де қолданылады береді, сонымен қатар қызмет түрін дауыс хабарламалары мен фото- және видеоматериалдар үшін де таралады.

Wired мәліметінше, мәліметтерді әңгімелесіп жатқан қолданушылар ғана көре алады, тіпті компанияның өзі қолданушылардың мәліметтерін біле алмайтын болыпты. Сонымен қатар, алгоритм бойынша жұмыстарды бағдарлама жасаушы, криптограф Мокси Марлинспайк (лақап аты) істеген, ол Эдвард Сноуден ұсынған Signal мессенджерін жасағандардың бірі.

Айта кетейік, WhatsApp мессенджерін қолданатындардың саны биылғы ақпан айының басында бір миллиард адамға жеткен еді. WhatsApp бұрынғы хакер Ян Кум 2009 жылы жасаған, кейін оған Yahoo компаниясында бірге жұмыс істеген әріптесі Брайан Эктон қосылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай