WhatsApp-та "қара тізімдегі" адамдарға хат жіберуге болатын ақау анықталды

28 Мамыр 2018, 09:29
0
WhatsApp-та "қара тізімдегі" адамдарға хат жіберуге болатын ақау анықталды - © Twitter
© Twitter

WhatsApp мессенджерінде бұғатталған қолданушылардың оларды "қара тізімге" енгізгендердің профильін көріп, хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін ақау анықталды, - деп жазады Hi-Tech.

Басылымның мәліметінше, қолданушылардың бірі Twitter желісінде "Неліктен мен әлі күнге дейін бұғаттаған адамнан хабарлама алып жатырмын?"деп шағымданған.

Кейінірек тағы бірнеше адам осы жағдайды растаған. Сондай-ақ, бұл қателіктің iOS пен Android-та бар екені анықталды.

Басылымның мәліметінше, бағларлама жасаушылар проблеманы шешуге уәде берді. Мамандардың айтуынша, бұғатталған қолданушыны "қара тізімнен" шығарып, оны қайтадан бұғаттау керек. 

Осыған дейін WhatsApp мессенджерінде өзгерістердің пайда болғаны хабарланған еді.

WhatsApp мессенджерін 1,5 миллиард, Telegram-ды 200 миллион адам қолданады. Жаңа қызмет түрлері Facebook желісіне тиесілі сервиске адам санын арттыруға мүмкіндік бермесе де, бар қолданушыларды талқылауға ынтасын арттырып, қосымшада ұзағырақ болуын арттырады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай