01 тамыз 2015 19:59

Windows 10 қолданушылардың деректеріне тыңшылық етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Microsoft компаниясының 14 миллионнан астам адам орнатып үлгерген Windows 10 жаңа операциялық жүйесі электронды хаттарды оқуға, күнтізбедегі жазбаларды білуге арналып жасалған, - деп хабарлайды RT.


Microsoft компаниясының 14 миллионнан астам адам орнатып үлгерген Windows 10 жаңа операциялық жүйесі электронды хаттарды оқуға, күнтізбедегі жазбаларды білуге арналып жасалған, - деп хабарлайды RT.

Сонымен қатар, блогерлердің айтуынша, операциялық жүйеден жарнамаларды өшіру өте қиын. Windows 10 жүйесінің баптауларымен жұмыс істеу қиын, сондықтан да қолданушылардың жеке мәліметтері де жақсы қорғалмаған. Яғни, операциялық жүйенің электронды хаттарды оқып, күнтізбедегі белгілерді өзгертуге мүмкіндігі бар. Internet Explorer орнына шыққан жаңа Edge браузері жарнаманы қолданушы жинаған ақпарат негізінде көрсетеді.

"Мен қол сұғушылық пен деректерді жинаудың мұндай дәрежеде екенін білгенде қатты таңғалдым. Мені таңғалдырған тағы бір жай - Microsoft компаниясының осы баптаулардың барлығын үнсіз келісім бойынша қойғандығы. Қолданушылардың көбі бұл жағдай туралы білмей, өз ақпараттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деді веб-әзірлеуші Джонатан Порт.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети