06 қазан 2018 11:15

Windows 10 пайдаланушылардың файлдарын жоя бастады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Tyrone Siu © REUTERS/Tyrone Siu

Windows операциялық жүйесі жаңарту кезінде пайдаланушылардың компьютерінен файлдарды жоя бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MSPoweruser порталына сілтеме жасап.


Windows операциялық жүйесі жаңарту кезінде пайдаланушылардың компьютерінен файлдарды жоя бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MSPoweruser порталына сілтеме жасап.

Пайдаланушылар компьютерін Windows 10 (1809) жүйесіне жаңарту кезінде ондағы құжаттар, сондай-ақ музыка мен суреттері өшіп қалғаны жайлы хабарлаған. Техникалық қолдау қызметімен байланысқан олар, бұрынғы нұсқасын кері жазса да файлдарын қалпына келтіре алмаған.

Порталдың мәліметінше, бұл проблеманың себебі деректерді автомат түрде көшіруге жауап беретін OneDrive клиентінің функцияларының бірінде қателік болуы мүмкін екені аталды. Пікір қалдыруға болатын жерде кейбір пайдаланушылар жүйелік дискіде орналасқан windows.old папкасын ашып, жойылған файлдарды қалпына келтіруге кеңес берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети