1 желтоқсанда Алматыда қайда баруға болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 желтоқсанда Алматыда қайда баруға болады? Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Тұңғыш Президент күніне орай Алматыда мәдени және спорттық шаралар өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының Мәдениет басқармасы 1 желтоқсанға арналған мәдени іс-шаралар тізімін жариялады.

Сағат 11.00-де Республика сарайында Алматы қаласы әкімі қатысатын "Елбасы. Жастар. Болашақ" іс-шарасы, сондай-ақ Тұңғыш Президент күні аясында гала-концерт өтеді.

Сағат 18.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында белгілі скрипкашы Марат Бисенғалиевтің "Алматы - тәуелсіздік бесігі" атты концерті өтеді.

30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне арналған "Қыран – 2021" республикалық турнирі өтеді.

1 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың жүлдесі үшін дәстүрлі "Мықтылар турнирін" өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Тұңғыш Президент күніне арналған шаңғы жарысынан қаланың ашық біріншілігі өтеді.

Тұңғыш Президент күніне орай, қайырымдылық шаралары да өтеді. Алматы әкімдігі Halyk қорымен бірлесіп, 2  мың азық-түлік пакетін таратуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін елордада Тұңғыш Президент күніне орай қандай іс-шаралар жоспарланғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +22
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +21
П
Павлодар +19
Петропавл +22
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +33
Түркістан +15
О
Орал +18
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер