1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейді? 30 қараша 2020, 13:22

1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық көліктердің қалай жұмыс істейтіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық көліктердің қалай жұмыс істейтіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмысын жалғастыратынын айтты. Елорданың бас мемлекеттік санитардәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс күндері және сенбі күндері рұқсат етіледі, ал жексенбі күндері тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар да қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.

Ал салют және бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді дейді әкімдіктегілер.

Ал Алматыда 1 желтоқсанда қоғамдық көлік бұрынғы режимде жұмыс істейді.

Санэпидбақылау департаменті сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар бұрынғы режимде жұмыс істейтінін хабарлады. Салют болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!