12 наурыз 2024 11:06

1 миллион теңгеден бастап. Өткен айда ең жоғары жалақы кімдерге ұсынылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электрон еңбек биржасында ақпанда ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электрон еңбек биржасында ақпанда ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ақпанда жұмыс берушілер ең жоғары жалақы мөлшерін өнеркәсіптік альпинистерге (орта есеппен 1 миллион теңгеден бастап), бас құрылысшыларға (656 мың теңгеден бастап) және жүйелік сәулетшілерге (600 мың теңгеден бастап) ұсынған.

"Бұл ретте ең жоғары күтілетін жалақыны өз түйіндемелерінде IT-бөлімшелердің басшылары (орта есеппен 891 мың теңгеден бастап), бұрғылау жөніндегі супервайзерлер (850 мың теңгеден бастап) және коммерциялық ұйымдардың директорлары (846 мың теңгеден бастап) көрсетті", - делінген хабарламада.

Ақпанда Enbek.kz электрон еңбек биржасында еңбек нарығында іздеу және жалдау процесінің белсенділігінің төмендеуі байқалған. Мәселен, қаңтармен салыстырғанда бос жұмыс орындар саны 16,5 мыңға (-17 пайыз) азайып, 80,8 мың болды, ал түйіндеме саны 77,6 мыңға (-41 пайыз) азайып, 113,6 мың болған.

Айлар арасындағы түйіндеме санының күрт өзгеруі біліктілігі жоқ қызметкерлерден ұсыныстардың 84,8 мыңнан 37,9 мыңға дейін немесе 55 пайызға айтарлықтай төмендеуіне байланысты.

"Ақпанда 44 пайыз немесе 50,5 мың түйіндемені 16-35 жас аралығындағы ізденушілер, 27 пайыз немесе 30,2 мың – орта жас (35-45 жас) өкілдері, тек 10 пайыз немесе 10,8 мың түйіндемені зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар орналастырды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети