1 шілдеден бастап Астана - Щучинск ақылы жолдарының жаңа тарифі іске қосылады деп хабарлайды "ҚазАвтожолә Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.
1 шілдеден бастап Астана - Щучинск ақылы жолдарының жаңа тарифі іске қосылады деп хабарлайды "ҚазАвтожолә Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен жалпығабірдей қолдануға арналған, республикалық маңыздағы Астана- Щучинск автокөлік жолдарының І-а учаскесінде, яғни Астана - Петропавловск бағытына жүк көтеру қабілеті 15 тоннадан асатын жүк көліктеріне жаңа тариф енгізілді. Жүк көлігінің бұл жолмен жүру ақысы оның массасына байланысты. Мәселен, жаңадан енгізілген ереже бойынша 15 тоннадан артық жүк көтеретін жүк көліктерінің бір бағыттағы барлық жүрісі 5200 теңгені құрайды" делінген алдын ала таратылған хабарламада.
Жаңа тариф енгізілгенге дейін ж.кті тасымалдаушы мен оны қабылдап алушылар бірлесе отырып, жүріс ақысын бірігіп төлейтін. 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүкті көтеруге қабілетті жүк көліктернінің бір бағыттағы жүрісінің ақысы ол кезде 4200 теңгені қамтыған. Төлемді жолға шығарда орнатылған терминал арқылы жүзеге асыруға болады: ақшалай, тиынмен, банк картасымен немесе транс операциялар арқылы.
Алдында Көлік және коммуникациялар министрлігіндегілер Астана - Щучинск алғашқы ақылы жол іске кіріскенде 800 миллионнан астам теңге кіріс әкелгенін мәлімдеген. Ведомствадағылар 2015 жылы осындай тағы екі ақылы жол пайда болатындығын айтқан. "2014 жылы Vendeka түрік компаниясымен Астана-Атбасар және Шымкент-Қызылорда жолдарынан ақы алатын жүйе құрылғысы бойынша инвестициялық жобаға қол қойылған. Бұлжұмыс 2015 жылы қаңтарда мықтап қолға алынбақ" деп мәлімдеген Көлік және коммуникациялар министрі Жеңіс Қасымбек.