24 маусым 2014 16:37

Келесі жылы тағы екі ақылы автобан ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mtc.gov.kz ©Mtc.gov.kz

Келесі жылдан бастап Қазақстанның тағы екі тас жолында ақылы жүйе енгізілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Жеңіс Қасымбекке сілтеме жасап. 


Келесі жылдан бастап Қазақстанның тағы екі тас жолында ақылы жүйе енгізілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Жеңіс Қасымбекке сілтеме жасап. 

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жол құрылысы саласындағы маңызды жобалардың бірі - "Батыс Еуропа - Батыс Қытай". Биыл Шымкенттен бастап Ресеймен арадағы шекараға дейінгі жол ашылады. Ал келесі жылда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолы толығымен іске қосылады. "Сондай-ақ Үкіметтің бүгінгі отырысында ел ішіндегі республикалық маңызы бар жолдарда ақылы жүйені енгізу мәселесі қаралған болатын. Өткен жылы ақылы  Астана - Щучинск тас жолы ашылса, келесі жылдан бастап Қызылорда - Шымкент пен Астана - Атбасар жолдарында ақылы жүйе енгізіледі", - деп атап көрсетті Қасымбек бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.   

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы ақылы жолдардың саны осымен шектелмейді. "Біз үшін жаңадан салынып жатқан жолдардың сапасын сақтап қалу - басты мәселе. Ал ақылы жүйені енгізудің негізгі талабы - көлік қозғалысының тығыздығы. Сондықтан Астана -Теміртау, Алматы - Қапшағай, сондай-ақ Павлодарға баратын жолдар ақылы болады. Оны мен нақты айта аламын. Себебі аталған жолдардың сапасын сақтау үшін біраз қаражат қажет", - дейді Қасымбек.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети