10 маусымда митинг кезінде 200 адам полицияға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 маусымда митинг кезінде 200 адам полицияға жеткізілді Алматыда болған митинг. © Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан мен Алматыда кеше, 10 маусымда митинг кезінде полицияға 200 адам жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан мен Алматыда кеше, 10 маусымда митинг кезінде полицияға 200 адам жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Митингтің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Сондай-ақ, ІІМ баспасөз қызметіндегілер Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингілерге қатысты пікір білдірді.

"Біз осыған дейін де хабарлағандай, полиция қызметкерлері, Ұлттық гвардия мен ІІМ бөлімшелері қоғамдық қауіпсіздік деңгейін бірқалыпты ұстап тұрды, нәтижесінде азаматтар президент сайлауы кезінде еркін түрде дауыс берді. 9 903 сайлау учаскесінің бірде біреуінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ", - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда болған митингілерге қатысты пікір білдірген болатын. Президент кейбір азаматтардың өздерін лайықсыз ұстап, полиция қызметкерлерін арандатқанын және нәтижесінде оларға қатысты қажетті шаралардың қолданылғанын айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети