Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда болған митингілерге қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингілерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингілерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Расында да Алматыда және елордада өз пікірлерін білдіріп, көшеге шығып, наразылық шараларына қатысып және тағы басқа әрекеттер жасағандар болды. Қазақстан заңнамасы бойынша, Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, бұл әрекеттердің барлығы заңсыз емес деп танылуы мүмкін. Ерік білдіру жайлы айтатын болсақ, Қазақстанда мұндай еркіндік толықтай бар", - деді Тоқаев Ақордада өткен баспасөз-конференциясында.

Президент кейбір азаматтардың өздерін лайықсыз ұстап, полиция қызметкерлерін арандатқанын және нәтижесінде оларға қатысты қажетті шаралардың қолданылғанын айтып өтті.

"Өкінішке қарай, ол азаматтар ақпараттарды шектен тыс қолдаyды, басқаларды заңсыз әрекеттер жасауға тартты, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өз қызметін лайықты әрі кәсіби тұрғыда атқарған полциия қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент таяуда сайлау алдында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін барынша сабырлық танытуға шақырғанын айтты.

Сайлауда Тоқаев жеңіске жетті - ОСК

"Наразалық шаралары жайлы айтатын болсақ, бұл жағдайда диалог форматын қолдануды ұсынамын. Мен осыған дейін Қоғамдық сенім комитеті құрылатыны жайлы айтқан болатынмын, ол комитетте қоғамымыздың түрлі өкілдері болады және онда біз өзара пікір алмаса аламыз. Менің позициям - пікірлер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ біз бір ұлтпыз. Түрлі пікірлер, бірақ біртұтас ұлт", - деді Президент.

Еске салайық, кеше, 9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда шамамен 500 адамның митингіде ұсталғаны хабарланған еді. "Нұр-сұлтан мен Алматыда Қазақстанның соты тыйым салған ДВК экстремистік ұйымының үндеуі бойынша жүздеген адам жиналды. Ұйымның қашқын басшыларының елімізде биліктің беделін түсіру, кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялау бойынша жаппай насихат жүргізіп, сайлау кезінде қоғамға қарсы іс-қимыл жасауға шақырғаны белгілі болды", - деген еді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer