01 тамыз 2023 09:39

100 мың теңгеге дейін барады: Түркістандық ерлі-зайыптылар айына 360 тандыр пешін жасайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы, Келес ауданында ерекше кәсіп иелері тұрады. Тимур Хашимов пен жұбайы Бибігүл Абдуллаева бір айда 360 тандыр пешін жасап, сатады. Бағасы 6 мың теңгеден бастап, 100 мың теңгеге дейін барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Түркістан облысы, Келес ауданында ерекше кәсіп иелері тұрады. Тимур Хашимов пен жұбайы Бибігүл Абдуллаева бір айда 360 тандыр пешін жасап, сатады. Бағасы 6 мың теңгеден бастап, 100 мың теңгеге дейін барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кәсіптің бұл түрін қолға алғанына алты жыл болған отағасы күніне 10-нан аса тандыр қалыбын жасайды. Жұмысы сапалы шығуы үшін сары, қызыл топырақты пайдаланады. Су араластырып, әбден илейді. Кейін қалыпқа салып, тандыр пешті дайындайды. Лайдан жасалған тандыр 5-6 күн тұрып кепкен соң саудаға шығарылады.

Жұбайы Бибігүлдің айтуынша, бұл кәсіпті о баста қайын аталары бастаса керек. Оны Өзбекстаннан үйреніп келіп, табыс жақсы түсетін болған соң үй іші түгел меңгеріп алған. Қазір әулеттің негізгі күнкөріс көзі осы болса керек. Тіпті өзі де әйел басымен лайдан қалып құюға кірісіп кетеді.

"Бұл жазда күн ыстықта ғана жасалатын маусымдық кәсіп. Күніне 10-12 тандыр құямыз. Кейде тапсырыс көбейіп, 1 айда 150-200 данасын жасаған күндеріміз болды", - дейді келіншек.

Бастапқыда тек Келес ауданы тұрғындары алатын пешті бүгінде Шардара, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, жалпы Түркістан облысының барлық аудандарынан арнайы іздеп келетін болған. Пеш жасап сату тек жаз мезгілінде жүретін кәсіп болғандықтан, ерлі-зайыптылар ақылдаса келе өздері наубайхана ашуды ұйғарыпты. Бүгінде күніне 200-ден аса нан пісіріп, сатады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети