10 қазан 2014 20:43

11 қазанда ауа райы жылы әрі құрғақ болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Синоптиктер 11 қазан күнгі  ауа райына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып. 11 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болмақ. Алайда ШҚО-да жауын-шашынның салдарынан кейбір өзендерде су деңгейі көтеріледі. Сондай-ақ, республиканың оңтүстік-шығысындағы бірқатар өзендерде су деңгейі жоғарылайды. 

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстанда жауын-шашын болады, жылдамдығы секундына 15-22 метр болатын жел тұрып, тұман түседі. Ақмола, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жылдамдығы секундына 15-22 метрлік жел соғады. Қостанайда түнде тұман түседі. Мұнда да жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейінгі жел тұрады деп күтілуде. ШҚО, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында да тұман түседі. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ауа райы қазан айының алғашқы жартысында жылы және температура қалыпты деңгейде болады деп болжанған. Еліміздің барлық аймақтары бойынша жауын-шашының бір айлық нормасы қалыптыдан төмен болатыны және қазанның ортасына қарай күн суытып, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін екені айтылған еді.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети