10 мамыр 2020 16:16

11 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда не өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері 11 мамырда төтенше жағдай алып тасталған жағдайда қандай өзгерістер болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері 11 мамырда төтенше жағдай алып тасталған жағдайда қандай өзгерістер болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"11 мамырда елорда әдеттегідей карантин режимінде өмір сүреді, себебі карантин әлі алып тасталған жоқ. Бұл тек карантин ережелері жеңілдетілген кәсіпорындарға жұмыс істеу рұқсат деген сөз. Блокбеттер алынған жоқ және қоғамдық көліктер де 11 мамырдан жұмысын бастамайды", - деді әкімдіктің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Нұр-Сұлтанда тек мына мекелердің жұмысына рұқсат:

сағат 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен жалпы алаңы 500 шаршы метрге дейін азық-түліктік емес дүкендер (барлық бағыттар);

шаштараздар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары (алдын ала жазылу бойынша, залда 3 клиенттен көп емес болуы, үй-жайларды күнделікті өңдеу);

жеке сот орындаушылары (алдын ала жазылу бойынша);

адвокаттар (алдын ала жазылу бойынша);

медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша);

стоматологиялық клиникалар (алдын ала жазылу бойынша);

жарнама агенттіктері (алдын ала жазылу бойынша);

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары және төлем терминалдарына қызмет көрсету;

фотосалондар және гүл дүкендері; клинингтік қызметтер;

көшедегі спорт сабақтары мен жаттығулар;

ұялы телефондарды жөндеу және аксессуарларды сату, кілттерді, сағаттарды, құлыптарды және т. б. жөндеу және дайындау.

Айта кетейік, ертең Мемлекет басшысы елдегі төтенше жағдай режиміне қатысты мәлімдеме жасайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети