10 қараша 2020 18:32

12 қарашадан бастап Қостанай облысында санитарлық бекеттер қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Полиция департаменті Фото: Полиция департаменті

12 қарашадан бастап Қостанай облысының периметрі бойынша санитарлық бекеттер орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


12 қарашадан бастап Қостанай облысының периметрі бойынша санитарлық бекеттер орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының шекараларында санитарлық бекеттер қойылып, мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі.

Жедел штабтың отырысында Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Қала мен аудан әкімдерінің есептерін тыңдағаннан кейін 12 қарашада сағат 00.00-де облыстың периметрі бойынша санитарлық бекеттер қойылып, мониторинг топтарының жұмысын күшейту туралы шешім қабылданды. Бұған дейін санитарлық посттар тек Қостанай, Жітіқара қалаларының шекараларында және Ресеймен шекарада қойылған еді.

Өңірде күн сайын коронавирус инфекциясының саны өсіп жатыр, кейінгі тәулікте Қостанай облысында COVID-19 жұқтырған 63 адам тіркелген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети