13 шілдеден бастап Астанада бірнеше күнге ыстық су өшірілді, ал 14 шілдеден бастап елордада электр энергиясы шектеледі. Өшіру кестесі мен мекенжайлардың толық тізімі Tengrinews.kz материалында.
Алдағы шектеулер туралы елорда әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.
Атап айтқанда, дүйсенбі, 13 шілдеден бастап оң жағалауда бу құбырында жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты 13 шілде сағат 00:30-дан бастап 15 шілде сағат 17:00-ге дейін ыстық су мына мекенжайларда болмайды:
Фото: t.me/ikomek109
13 шілде сағат 08:00-ден бастап 17 шілде сағат 23:59-ға дейін жоспарлы сынақ кезінде мына үйлерде ыстық су өшірілді:
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Бұдан бөлек, 13 шілде сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ыстық су мына мекенжайларда болмайды:
Фото: t.me/ikomek109
Сондай-ақ 14 шілдеден бастап жөндеу жұмыстарына байланысты Астанада электр энергиясын өшіру жоспарланған. Мекенжайға байланысты сағат 08:30-дан 16:00-ге дейін, 08:30-дан 16:30-ға дейін, 08:30-дан 18:00-ге дейін, 09:00-ден 10:30-ға дейін, 09:00-ден 16:30-ға дейін жарық болмайды.
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Фото: t.me/ikomek109
Бұған дейін 13 шілдеден бастап Астанада жарық пен ыстық су өшірілетіні туралы хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар синоптиктер 14 шілдеде Астанада қатты ыстық болатынын ескертті.