08 қараша 2017 12:52

1,5 миллион қазақстандық елде не болып жатқанын білмейді - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстанда 600 мың отбасының шетелдік арналары бар спутниктік телеарналарды қарайтынын және сондықтан өз елімізде не болып жатқанын білмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі.

"Бұл жерде еліміздегі ақпараттық қауіпсіздік мәселесі жайында. Қазіргі уақытта 600 мың отбасы спутникті қарайды. Онда қазақстандық телеарналар қорғалмаған. Сонда еліміздегі 1,5 миллион адам жаңалықтардан хабары жоқ деген сөз, яғни, олар қазақстандық телеарналарды көрмейді және соған байланысты Қазақстанда не болып жатқанын білмейді де", - деді министр Абаев.

Сондай-ақ, ол Қазақстан азаматтарының ешбір тіркеуі жоқ спутниктік телеарналарды қолдана алатынын айтты. 

"Жергілікті органдар түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Тіркелмеген спутниктік карталардың сатылымына тыйым салынады. Қолданушылар зардап шекпейді", - деді Дәурен Абаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети