17 қараша 2021 12:56

16 жасқа дейінгі балаларға кейбір ит тұқымдарымен серуендеуге тыйым салынуы мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мәжіліс депутаттары жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер енгізді. 16 жасқа дейінгі балаларға жүруге тыйым салынатын ит тұқымдарының тізімін белгілеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаттары жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер енгізді. 16 жасқа дейінгі балаларға жүруге тыйым салынатын ит тұқымдарының тізімін белгілеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Екінші оқылымдағы заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар осы бағыттар бойынша түзетулер енгізді:

  • жануарларға қатыгездік жасалған болып саналмайтын жағдайларды нақтылау;
  • әкімдіктердің жануарларға арналған баспаналарды бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асыруы;
  • 16 жасқа толмағандарға ерекше жауапкершілікті талап ететін үй жануарларымен серуендеуге тыйым салу;
  • үй жануарлары иелерінің оларды күтіп-бағу кезінде санитария нормаларын сақтау жөніндегі жауапкершілігін бекіту, үй жануарларын күтіп-бағу қағидаларын әзірлеу бойынша әкімдіктердің құзыретін енгізу;
  • мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де мекеме, тұлғалар есебінен қаңғыбас жануарларға екпе салу және стерилизациялауды жүзеге асыру;
  • ветеринарлық қызметтер мен әкімдіктердің есепке алынған үй жануарлары туралы мәлімет беру мерзімдерін реттеу", - деп хабарлады Мәжіліс отырысында депутат Александр Милютин.

Айта кетейік, Қазақстанда иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін жануарларға мыналар жатады:

  • америкалық бұқа териері;
  • америкалық стаффордшир териер;
  • бұқа териері;
  • стаффордшир бұқа териері;
  • роттвейлер;
  • жоғарыда аталған тұқымдардың местизосы.

Жиналыстан кейін Милютин журналистерге кейбір тұқымдар балалар үшін тым үлкен болуы мүмкін екенін түсіндірді. Толығырақ заң актілерінде жазылатынын айтты.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін депутаттар азаматтардың осы санатына жататын үй жануарларын бюджет қаражаты есебінен тіркеуді жүзеге асыруды ұсынды.

Мәжіліс депутаттары жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети