17-қабатта терезе жуған астаналық жұртты шошытты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде 17-қабаттағы терезелерді жуып жатқан астаналықтың видеосы пайда болды. Кадрларда оның ешқандай сақтандырусыз сырттағы тар карнизде тұрғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде 17-қабаттағы терезелерді жуып жатқан астаналықтың видеосы пайда болды. Кадрларда оның ешқандай сақтандырусыз сырттағы тар карнизде тұрғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видео Instagram-да топтарда тез тарап, көпшіліктің наразылығын тудырған.

"Терезелердің тазалығы өмірден қымбат па?", "Лас терезелермен жүре берейін", "Тіпті бірінші қабатта тұрып, бұлай жумаймын", "Енесі келе жатқан шығар", - деп жазған Желідегілер видеоға.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN|АСТАНА|SERGEK (@astana_brothers)

Tengrinews.kz редакциясы Астана ТЖД өкілдерінің видеоға қатысты пікірін сұраған.

"Көбіне трагедиялар ересектердің немқұрайды қарауынан және терезелерді тазалау кезіндегі абайсыздықтан болады. Жыл басынан бері елордада балалар терезеден құлаған үш жағдай тіркелді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 1 мамырда ересек адам биіктен құлаған.

"Сағат 17:33-те 1988 жылы туған ер адам 9 қабатты тұрғын үй кешені сыртындағы терезелерді жуу кезінде 7-қабаттан альпинистік құралдан құлағаны туралы хабарлама түсті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды", - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 486.16   555.05   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +27
Ақтау +25
Ақтөбе +20
Атырау +27
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +29
П
Павлодар +25
Петропавл +25
С
Семей +24
Т
Талдықорған +32
Тараз +30
Түркістан +26
О
Орал +22
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер