21 наурыз 2020 12:00

170-тен астам қазақстандық турист елге оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Бір тәулік ішінде 170-тен астам қазақстандық турист елге оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің (ААК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бір тәулік ішінде 170-тен астам қазақстандық турист елге оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің (ААК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Коронавирус пандемиясынан әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты отандық авиакомпаниялар Қазақстан азаматтарын қайтару бойынша рейстерді орындап жатыр", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте Азаматтық авиацияның әуе кемелері өзге елде қалған жолаушыларды тасымалдау бойынша бірқатар рейстер жасалды. Air Astana әуекомпаниясы Тбилисиден Алматыға 143 жолаушыны, SCAT авиакомпаниясы Мәскеуден 35 жолаушыны алып келді, оның ішінде Внуково әуежайында болған қазақстандық туристер оралды.

Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әлемнің 23 еліндегі 1285 азамат Қазақстанға оралуға ниет білдіргенін хабарлаған. "Бұл шетелдегі қазақстандық туристерді есептемегендегі көрсеткіш, оларды шақырумен Мәдениет және спорт министрлігі айналысып жатыр", - деген Смадияров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети