01 қараша 2022 16:36

190 мың теңге айыппұл салынған: Алматыда жол ережесін бұзған жүргізушілер жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы полицейлері жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полицейлері жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға өткен демалыс күндері болған. Бір топ жігіт төрт көліктен кортеж ұйымдастырып, жарысқан. Олар қарсы жолаққа шығып, жол ережесін бұзған. Сондай-ақ, жол қиылыстарының бірінде жүргізушілер бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.

Жүргізушілердің әрекеті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде жарияланды. Қазақстандықтар олардың жол ережесін өрескел бұзып жатқанына ашуланып, жауапкершілікке тартуға шақырған.

Назар аударыңыз, видеода әдепсіз сөздер айтылған!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @dorogi_almaty_official +21🇰🇿 (@dorogi_almaty_official)

Полицейлер жүргізушілер анықталғанын хабарлады. Олардың атына жалпы сомасы 190 мың теңге болатын 13 хаттама толтырылған.

"Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі заңбұзушылардың бәрін заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жалпы сомасы 190 000 теңгеге 13 хаттама толтырылды. Көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы материалдар сотқа жолданды. Барлық көлік мамандандырылған тұраққа қойылды", - деді қалалық Полиция департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети