23 маусым 2021 | 18:07

20 адамнан асатын барлық ұжым вакцина салдыруы керек - ДСМ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

20 адамнан асатын барлық ұжым вакцина салдыруы керек немесе апта сайын ПТР-сынама тапсыруы тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

20 адамнан асатын барлық ұжым вакцина салдыруы керек немесе апта сайын ПТР-сынама тапсыруы тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұжымдар туралы сөз қозғағанда, 20-дан аса қызметкері бар кез келген ұжымды айтамыз. Яғни, 20 адамнан асатын кез келген ұжымға міндетті түрде вакцинация жүргізу немесе медициналық қарсы көрсетілім болмаса, әр жеті күн сайын ПТР-сынама тапсыру талабы қойылады", - деді Есмағамбетова.

Ол жаңа талаптар бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына қол қойылғаннан кейін күшіне енетінін хабарлады.

"Бүгінде бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы әзірленіп жатыр. Оған қол қойылғаннан кейін бұл талаптар күшіне енеді", - деді Есмағамбетова.

Бұған дейін COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК Қазақстанның бас санитария дәрігеріне коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартатын (вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімі жоқ) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, өнеркәсіптік кәсіпорындар және өзге де ұйымдасқан ұжымдар үшін міндетті ПТР-сынама тапсыру талабын енгізуді ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети