1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қай сала қызметкерлері аптасына бір рет ПТР тапсыруға міндеттеледі? 23 маусым 2021, 17:37

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцина алмаған қызметкерлер аптасына бір рет ПТР-сынама тапсыру керегін айтты, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцина алмаған қызметкерлер аптасына бір рет ПТР-сынама тапсыру керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ онлайн-брифингінде вице-премьерден вакцина алғысы келмейтін қызмет көрсету саласының мамандары ПТР-сынаманы қаншалықты жиі тапсыру керегі сұралды.

"Аптасына бір рет", - деп жауап берді Тоғжанов.

Сонымен қатар, ол вакцинация ерікті түрде жүргізілетінін айтты.

"Бірінші кезекте баршаңызға еске салғым келеді, Конституцияның 29-бабы бойынша, біз халық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сондықтан біз қабылдаған шаралар барлық адамға емес, қызмет көрсету саласына қатысты. Күн сайын көптеген адаммен байланысқа түсетіндерге қатысты. Адамдардың бұл санаты қызмет алуға келетіндерге үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Шешімдерді тек өзіміз ғана емес, көрші елдерде болып жатқан жағдайға сүйене отырып қабылдаймыз. Ондай жағдай ертең бізде болуы мүмкін. Адамдарға қауіп төндіре алмаймыз. Күнделікті өлім-жітім бүгінде 10 адам деңгейінде. Бұл адамдардың денсаулығы үшін кім жауап береді? Сондықтан бұны әрдайым есте сақтау керек", - деді Тоғжанов.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ПТР-сынамасын қызмет көрсету қызметкерлері өз есебінен немесе жұмыс беруші есебінен тапсыратынын айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда вакцина алмағандар үшін шектеулер енгізу жоспарланып отыр. Жаңа ережелер қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің, ірі ұйымдасқан ұжымдардың (өнеркәсіптік кәсіпорындардың) жұмысына қатысты болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!