200 адам жемқорлық әрекеті үшін "Нұр Отаннан" шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке сілтеме жасап.
200 адам жемқорлық әрекеті үшін "Нұр Отаннан" шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке сілтеме жасап.
"Партия қатарын тазалау барысында партиямен байланыс үзген, партиялық тәртіп пен заңнамалық нормаларды бұзған 25 мың адам шығарылды. Оның ішінде 200 адам жемқорлық әрекеті үшін шығарылды", - деді Байбек "Нұр Отан" партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жасау жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысында.
Байбектің айтуынша, партия "Нұр Отан" төрағасына жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуы туралы елдегі жемқорлықтың қабылдану деңгейі жайлы деректері бар жыл сайынғы баяндама дайындауды жоспарлап отыр. Баяндама мазмұны мен жемқорлықты түсіндіру ұлттық индексін БАҚ-та жыл сайын жариялап отыру жоспарланды.
"Бүгінде бағдарлама дайын және партияның жетекші органдарына талқылауға жіберілді", - деді Байбек.
Ол партияның жалпы қоғамның антикоррупциялық қозғалысқа қатысуы және елдегі жемқорлық деңгейінің айтарлықтай төмендеуі сияқты мақсаттарына жететініне сенім білдірді.
"Бірігіп күш салып, халықтың санасын өзгерте алатынымызға сенемін", - деді партия төрағасының бірінші орынбасары.
Осы жылдың сәуір айында Бауыржан Байбек партиялық тәртіпті түбегейлі арттыру керек екенін мәлімдеген болатын.
"Нұр Отанның" партиялық бақылау жұмысын Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов басқарады. Сұлтанов бұған дейін партия талаптарына жауап бермейтін адамдарды мүшеліктен шығару бойынша кампанияны шумен өткізбеуді шешкенін мәлімдеді. Мұның орнына байсалдылықпен жұмыс жасауға шешім қабылданыпты. "Сөйтсек, партияға біреу депутат болу үшін, ал біреу пайдакүнемдік пиғылмен өткен екен", - деді Сұлтанов.
Сонымен бірге, соңғы жарты жылда партиялықтардың саны 25 мыңға қысқарғаны хабарланды.