Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

"Нұр Отан" өз қатарында тазалау жүргізіп жатыр

21 Сәуір 2014, 11:16
0
Фото Премьер-министрдің ресми фототаспасынан.
Фото Премьер-министрдің ресми фототаспасынан.

"Нұр Отан" партиясы өз қатарында тазалау жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Партия сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әрекет ете алуы үшін партияға ғана емес, оның жұмыстарына деген сенім де артуы керек. (...) Бүгінде партия қатарын тазалау жүріп жатыр. Бізге партиялық тәртіпті түбегейлі жақсарту керек. Өйткені қаржының жұмсалуына, мәселелердің шешілуіне, бағдарламалардың іске асырылуына қатысты әлсіз қадағалау сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жұмысты біз жүйелі түрде жүргіземіз", - деді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аймақтық кеңес басшыларына арналған семинар-кеңесте.

Ол "Нұр Отанның" партиялық бақылау қызметін Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов басқаратынын атап өтті. Сұлтановтың айтуынша, партия өз мүддесіне сай келмейтіндерді мүшеліктен айыру жөнінде шулы науқан жүргізбейді. Оның орнына байсалды жұмыс қолға алынады. "Кейбіреулер депутат болу үшін ғана партияға мүшелікке өткен, пайданы көздеген", - деген Сұлтанов аймақтық филиал басшыларын мұндай мақсаттағы адамдарды партия қатарына өткізбеуге шақырды.

Айта кетейік, соңғы жарты жыл ішінде партия мүшелерінің қатары 25 мың адамға азайған. "Нұр Отан" партиясы баспасөз қызметінің хабарлауыша, партиялық тәртіптің және жарғы талабының бұзылуына жол бергендер мен түрлі себеппен партиямен байланысты жоғалтқандар саяси ұйымнан шығарылады. Сыбайлас жемқорлыққа барғандарға да сондай шара қолданылады.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай