2000 теңгелік банкнот енді жарамсыз: оны қайда айырбастауға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2000 теңгелік банкнот енді жарамсыз: оны қайда айырбастауға болады? Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар төлемге қабылданбай жатыр. Бұл туралы ел тұрғындары хабарлап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтар осы жағдайға қатысты білуі тиіс басты мәліметі еске салады.


2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар төлемге қабылданбай жатыр. Бұл туралы ел тұрғындары хабарлап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтар осы жағдайға қатысты білуі тиіс басты мәліметі еске салады.

"Такси жүргізушісі қабылдаудан бас тартты"

Әлеуметтік желілерде қазақстандық қыздың жазбасы жарияланды, онда ол такси жүргізушісінің 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік купюраны қабылдаудан бас тартқанын айтқан.

"Бүгін такси ақысын 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік купюрамен төлемек болдым, бірақ жүргізуші оны қабылдамады. Сөйтсем, 25 маусымнан бастап (24 маусымда айналымнан шықты – ред. еск.) мұндай купюралар төлем құралы болып саналмайды екен. Бүгін тура 25-і. Ұлттық банк жаңалықтарын бақылап отыру керек екен", – деп жазды ол.

Анықтама: Бұл банкноттарды айналымнан кезең-кезеңімен шығару 2024 жылдың желтоқсанында басталған болатын, ал 2026 жылдың 24 маусымында олардың жаңа купюралармен қатар жүру кезеңі ресми түрде аяқталды.

Ескі 2000 теңгені не істеу керек?

Мұндай купюраларды банктерде, сондай-ақ "Қазпочта" бөлімшелерінде айырбастауға болады.

"Қатар айналымда болу кезеңі аяқталғаннан кейін де барлық банк пен "Қазпочта" АҚ ескі үлгідегі банкноттарды тағы 3 жыл бойы жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастайды, ал Ұлттық банк филиалдары - мерзімсіз", – деп хабарлаған болатын бұған дейін Ұлттық банк.

Жаңа 2000 теңгелік купюралар қандай болады?

Бұған дейін Ұлттық банк айналымға "Сақ стилі" атты жаңа банкноттар сериясын кезең-кезеңімен енгізіп жатқанын түсіндірген еді. Жаңарту кезінде ескі және жаңа купюралардың қатар айналымда болу кезеңі қолданылды.

Фото: nationalbank.kz

Жаңа 2000 теңгелік купюра осындай.

Фото: Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

"Ескі үлгідегі 10 000 теңгелік купюра"

Бұдан бөлек, бұған дейін 2026 жылдың 27 маусымында ескі үлгідегі 10 000 теңгелік купюра да айналымнан шығатыны хабарланған болатын, бірақ Ұлттық банк мерзімді бір жылға ұзартуды ұйғарды.

"Номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың параллель айналым мерзімі бір жылға – 2027 жылдың маусымына дейін ұзарғанын хабарлаймыз", – делінген банктің жауабында.

Фото: nationalbank.kz

Читайте также

Валюта бағамы

 485.31   550.55   6.44 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +21
Атырау +28
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +21
П
Павлодар +19
Петропавл +23
С
Семей +22
Т
Талдықорған +25
Тараз +28
Түркістан +21
О
Орал +18
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер