Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

2014 жылғы ең танымал есімдер анықталды

27 Желтоқсан 2014, 01:02
1
©otyrar.kz
©otyrar.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2014 жылы жаңа туған нәрестелерге көп қойылған есімдерді жария етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Биыл ұлдарға Әлихан есімінің ең көп қойылғаны белгілі болды, ал қыз балалар Айзере есімін көп иемденді. Өтіп бара жатқан жылы 2798 Әлихан мен 6276 Айзере дүниеге келген. 

2014 жылы ұлдарға жиі қойылған есімдер мыналар: Ерасыл, Нұрислам, Нұрасыл, Айсұлтан, Санжар, Рамазан, Мирас және Артем.

Қыздар арасындағы ең танымал есімдер Айару, Інжу, Кәусар, Айша, Әмина, Аружан, Аяулым мен София болды.

Айта кетейік, 2013 жылдың статистикасымен салыстырғанда, биыл ұлдар арасындағы ең танымал есім өзгерген. Былтыр ұлдарға Ерасыл есімі көп қойылған еді, ал қыздар арасында өткен жылы да Айзере көш бастады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай