Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

2015 жылдың шілдесінде білікті мұғалімнің жалақысы 110 мың теңгеге дейін өседі

02 Қазан 2014, 15:31
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Келесі жылдан бастап, мұғалімдердің жалақысы орта есеппен 15-29 пайызға көтеріледі. Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ішкі бақылау департаменті директоры Гүлнәр Әлімбекованың айтуынша, мұғалімдер жалақысы 15-29 пайызға көтеріледі. "Мысалы, лауазымдық айлықтың 10 пайызы көлеміндегі біліктілік санаты, дәптер тексеру, сынып жетекшілігі, ерекше еңбек жағдайы сияқты 1 сәуірден бастап енгізілген төлемдерді есепке алғанда, бүгінде 14-17 жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты мұғалімдердің жалақысы - 81 мың 548 теңге. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, аталған төлемдерді есепке алғанда, бұл жалақы 109 мың 527 теңге болады", - деді ол.

Департамент директорының айтуынша, ауыл мектептерінде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысында өсім пайызы жоғары болады. "2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін енгізу үшін бюджеттен қосымша 139,5 миллиард теңге қажет болады, атап айтқанда, білім беру саласына - 103,7 миллиар теңге. 1 шілдеден бастап, білім беру саласындағы азаматтық қызметшілердің саны 832 мың адам болды", - деді Әлімбекова.

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов болса, ынталандыруды арттыру үшін үстемеақы жүйесі енгізілгенін айтты. "Бұл - айтарлықтай үлкен сома, жыл сайын біз 40 миллиардқа жуық теңгені трансфертпен береміз. Жалпы саясаттың мәні - барлық қызметкердің жалақысы бірдей көтерілмейді, өйткені ол инфляцияға соқтырады, жалақы көтерілген сомаға азық-түлік те қымбаттайды - бұл ешқандай тиімділік бермейді. Сондықтан жалақыны арттыру біліктілікті арттыруға байланысты. Бірақ бір мәселе бар. Мұғалімдер жалақысы мәселесін біз Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен бірге қарастырамыз. Президенттің тапсырмасы бойынша келесі жылдан бастап, барлық мұғалімнің жалақысы жоғарылайды, оған қаржы бөлінген", - деді ол.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай