01 қыркүйек 2015 16:58

2016 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 20-50 пайызға өседі - Сәрінжіпов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2016 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 20-50 пайызғы өседі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов  №81 дарынды балаларға арналған "AstanaEnglishSchool" гимназиясына сапары кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мұғалімдер үшін жақсы жаңалығымыз бар - бүгін Президенттің тапсырмасымен Парламентте үкімет 2016 жылға арналған бюджеттің жобасын бекітті. Осыған орай, 2016 жылы мұғалімдердің жұмыс өтілі, категориясы, білім деңгейіне сәйкес олардың жалақысы 20-50 пайыз аралығында өседі. Қосымша бюджеттен 200 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді", - деді білім және ғылым министрі.

Сәрінжіпов мұның Қазақстандағы білім беру жүйесі үшін жақсы жаңалық екенін айтты. "Қиын кезеңге қарамастан Мемлекет басшысы мұғалімдерге әлі де қамқорлық танытып келеді. Сондықтан да Мемлекет басшысына мұғалімдердің атынан педагогтарды қолдағаны үшін рақмет айтқым келеді", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети