27 қаңтар 2016 10:15

2016 жылы жұмыссыздардың қатарын кімдер толықтырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© regnum.ru © regnum.ru

Статистика бойынша, 2015 жылы дағдарыс кезінде 13,5 мың қазақстандық қысқартуға ұшыраған, бұл 2014 жылдың көрсеткішіне қарағанда 3,7 есе көп. "Курсив" іскерлер газеті 2016 жылы еңбек нарығында не болатынын сарапшылардан сұрады. 


Статистика бойынша, 2015 жылы дағдарыс кезінде 13,5 мың қазақстандық қысқартуға ұшыраған, бұл 2014 жылдың көрсеткішіне қарағанда 3,7 есе көп. "Курсив" іскерлер газеті 2016 жылы еңбек нарығында не болатынын сарапшылардан сұрады. 

Antal Kazakhstan рекрутинг компаниясының директоры Анна Ковинскаяның айтуынша, жұмыс берушілердің басым бөлігі әзірше күтіп отыр. Жұмыс орындары пайда болып жатыр, бірақ олар штаттың көбеюіне емес, қызметкерлерді ауыстырумен байланысты. Халықаралық көптеген компания әзірше қысқартуды жоспарлап отырған жоқ, бірақ жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды да тоқтатқан. Шетел жұмыс күші кетіп жатыр, себебі доллармен табыс тапқысы келетін экспаттарға енді Қазақстанда жұмыс істеу пайдалы емес. Осы себептеп де түрлі секторда басқару жұмыс орындары босап жатыр, бұл өңірдегі менеджерлерге жұмыс табуға қолайлы жағдай. 

Ковинская қазіргі уақытта Қазақстанда қысқартулардың IT-консалтингте, ритейлде және мұнайгаз секторында болып жатқанын атап өтті. Алайда жалпы айтқанда жұмыс орындарынан компанияларда support-функцияларды атқаратын, яғни әкімшілік бөлім персоналдары, HR бөлімдерінің өкілдері, бухгалтерия мен маркетинг қызметкерлері айырылып қалып жатыр. Оның айтуынша, сұранысқа ие мамандықтар бүгінде қаржыгерлер, кризис-менеджерлер, сату жөніндегі менеджерлер екен. Алайда егер тәжірибесі көп, өз ісінің мамандары қайда болса да жұмыс орындарынан айырылмайды. 

"Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің қызметкерлерден қандай қасиетін талап ететінін атап өту керек, себебі нарықта вакансияның түрі көп. Қазірде жұмыс берушіге бейімделгіш, иілгіш қасиеті бар, нәтижеге тікелей бағытталған, сәтті тәжірибесі бар және кәсіби білімі бар адамдар қажет", - деді Antal Kazakhstan директоры.

Ал Optimum Recruitment & Executive Search компаниясының негізін қалаған Салтанат Әбілтаева қазіргі уақытта персоналдың қысқаруы жайлы ғана емес, сонымен қатар, жаңа персоналды қызметке алудың қажеттілігі жоқ деген мәселені де көтеру керек екенін айтты.

"Компаниялар өздерінде бар персоналмен-ақ қажетті функцияларды орындайды, ротациялар жасайды, жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге қосымша қысым түсіреді. Қазіргі таңда көпшілік компанияға өз қызметкерлерін сақтап қалудың өзі жетістік", - деп мәлімдеді сарапшы. 

Әбілтаеваның айтуынша, компаниялар бірінші кезекте тиімсіз персоналдан құтылады, олардың көпшілігі жас мамандар немесе компанияға соңғы болып келгендер. Себебі компаниялар персоналдың тиімділігін бағалау техникасын меңгерген. Жұмыстан шығаруға KPI-дың төмен болуы да себеп болуы мүмкін.

"Барлығымыз да мемлекеттік қызметкерлердің қысқарғанының куәгері болдық. Дағдарыс кезінде банк қызметкерлері, нақтырақ айтсақ, функционалы бойынша кредит беруге қатысы барларға деген сұраныс азайды. Мұндай сәттерде маркетологтар, PR саласындағы мамандарға қиын болады. Теңгенің екі есе девальвацияға ұшырауы туризм саласына да оңай тиіп жатқан жоқ, бұл салада тұтыну сұранысы екі есе азайды. Бізде автоиндустрия бар деп айтуға болмайтын шығар, бірақ әдетте дағдарыс кезінде автомобиль саласы да қиындыққа тап болады. Бәрінен де төменгі ритейлдің жағдайы жақсы болады, нақтырақ айтсақ, орташа чегі 7000 теңге болатын "масс маркет минус" классындағы желі дүкендері. Себебі адамдар өз уақытында киім сатып алады, ең болмағанда маусым сайын ауыстырып отырады, желі дүкендері сатып алушылардың көбейгенін де байқады. Түсінікті тілмен айтсақ, адамдар арзан киімді сатып ала бастады", - деді сарапшы.

Басылымға сұхбат берген сарапшылар Қазақстанда девальвация болғанына қарамастан жалақының сол деңгейде сақталып отырғанын айтты (доллардың бағамы 370 теңге кезінде қазақстандықтар 185 көрсеткішіндегідей жалақы алып отыр). Тек кей компаниялар жыл сайынғы индексация өткізіп, жалақыны деңгейіне көтереді. 

Сонымен, 2016 жылы Анна Ковинскаяның пікірінше, штатты оптимизациялау тенденциясы күшейе түседі әрі қысқартулар жалғасады. Ал қысқарту жасамайтын компаниялар жаңа жұмыс орындарын ашпайды. Бұл Қазақстанда жұмыссыздық болады дегенді білдіреді, ал кейбір компаниялардың нарықтан кетуіне байланысты жұмыссыздық одан бетер күшеймек. Экономикалық күрделі жағдайда, сарапшының айтуынша, тек мықтылар табысқа жетеді, ал клиентке бағытталмаған, кішігірім компаниялар бәсекелестікке шыдай алмайды.

"Меніңше, алдағы жарты жылда айтарлықтай қысқаруды бақыламаймыз. Біріншіден, бірқатар қысқарту болып қойды. Екіншіден, компанияның иелері мен жетекшілері жылдар бойы қалыптасқан жүйенің жұмыс істегені маңызды екенін түсінеді. Ал осы мақсаттар үшін бастапқыда жазылған бизнес-процесстерді орындау керек. Жалданған персоналдың көмегімен. Жаңа жыл мерекесі аяқталды. Алда наурыз айындағы мейрам мен мерекелер бар, ал қалған маусымға дейінгі айлар - бизнес-маусым кезеңі. Сондықтан, меніңше, осы жағдайға бейімделе отырып, компаниялар жалдаған персоналдың еңбегімен мақсатқа жетуге тырысу керек. Жылдың екінші жартысы жайды айту қиындау, себебі еңбек нарығының көрсеткіштеріне көптеген фактор әсер етеді", - деді Салтанат Әбілтаева.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ұзақмерзімді жоспарды құрудың қажеті жоқ, компаниялар екі сценарийді қарастырып отыр - оптимистік және пессимистік. Сөйтіп, олар тек аз уақытқа арналған жоспар құрып отыр. Осылай дей келе, сарапшы жағымсыз болжамдардың орындалып жатқанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети