2016 жылы Қазақстанда болған басты ауыс-түйістер

27 Желтоқсан 2016, 15:44
0
2016 жылы Қазақстанда болған басты ауыс-түйістер - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Биыл еліміздегі билік органдарында түрлі тағайындаулар болды. Tengrinews.kz редакциясы 2016 жылы болған басты әрі маңызды тағайындауларға тоқталып өтті.


Ерлан Сағадиев. © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев 10 желтоқсанда Ерлан Сағадиевті білім және ғылым министрі етіп тағайындады. Ведомствоның бұрынғы басшысы Аслан Сәрінжіпов "Назарбаев Қорының" президенті әрі Nazarbayev University қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.


Қанат Бозымбаев. © Тұрар Қазанғапов

25 наурызда Павлодар облысының бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев Қазақстанның энергетика министрі болып тағайындалды. Ол 2013 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Павлодар облысының әкімі болған. Оған дейін төрт жыл бойы Жамбыл облысының әкімі болған. 


Ерболат Досаев. © Тұрар Қазанғапов

5 мамырда Ерболат Досаев отставкаға кетіп, ұлттық экономика министрі қызметінен босатылған болатын. Бұрынғы ұлттық экономика министрі "Бәйтерек" холдингін басқаратын болды. Сондай-ақ, 11 шілдеде Досаев "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне келді.


Асылжан Мамытбеков (ортасында)

Кейінірек Асылжан Мамытбеков те отставкаға кетті. Ол 2011 жылдан бері Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарды. Қазіргі уақытта бұрынғы министр Астана Банкінің тәуелсіз директоры болып жұмыс істейді.


Асқар Мырзахметов. © Тұрар Қазанғапов

Мамытбеков отставкаға кеткен соң ауыл шаруашылығы министрі болып Асқар Мырзахметов тағайындалды. Ал маусым айында ол ауыл шаруашылығы министрі қызметімен қоса, Ауыл шаруашылығы бірінші премьер-министрі қызметін атқарды. Асқар Мырзахметов 2015 жылдың тамыз айынан бастап "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті. Сондай-ақ, 2009-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып жұмыс істеген.


Қуандық Бишімбаев. © Тұрар Қазанғапов

Ерболат Досаевтың орнына Ұлттық экономика министрлігіне басшы болып Қуандық Бишімбаев келді. Ол осы қызметіне дейін екі жыл бойы "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған.


Дәурен Абаев. © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Ақпарат және коммуникация министрлігін құру туралы Ақордада өткен отырыста айтқан болатын. Қазақстан Президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы Дәурен Абаев бұл ведомствоны 2016 жылдың 6 мамырынан бастап басқарды. Ал Назарбаевтың жаңа баспасөз хатшысы болып Айдос Үкібай тағайындалды.


Жеңіс Қасымбек. © Tengrinews.kz

21 маусымда Жеңіс Қасымбек Инвестициялар және даму министрлігін басқаруға келді. Ол осыған дейін осы ведомствоның бірінші вице-министрі қызметінде болды.


Әсет Исекешев © Тұрар Қазанғапов

Инвестициялар және даму министрлігін басқарған Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Өз кезегінде қаланың бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбеков ҚР Президенті Әкімшілігін басқаратын болды.


Tengrinews.kz мұрағатынан алынған сурет.

Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Нүрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды. Ал кейінірек төменгі палатаның спикері болып сайланды.


Бақытжан Сағынтаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Кәрім Мәсімов. © Akorda.kz

9 қыркүйекте Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды. Министрлер кабинетінде қызмет еткен Кәрім Мәсімов Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ал ҰҚК бұрынғы басшысы ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне келді.


Асқар Мамин. © Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан темір жолын" басқарған Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ал Қанат Алпысбаев "Қазақстан темір жолы" президенті болып тағайындалды.


Марат Бекетаев. © Тұрар Қазанғапов

13 қыркүйекте әділет министрі ауысты. Әділет министрі болып Марат Бекетаев тағайындалды. Ведомствоның экс-басшысы Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.


Нұрсұлтан Назарбаев пен Сәкен Жасұзақов.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде де тағайындаулар болды. 13 қыркүйекте Сәкен Жасұзақов ҚР қорғаныс министрі болып тағайындалды.


Иманғали Тасмағамбетов

Қорғаныс министрлігінің басшысы қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне келді.


Нұрлан Ермекбаев © Тұрар Қазанғапов

13 қыркүйекте Мемлекет басшысының бұйрығымен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Жаңа министрлікті Нұрлан Ермекбаев басқаратын болды.


Бейбіт Атамқұлов

2016 жылдың қазан айында Мемлекет басшысының бұйрығымен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Оны Бейбіт Атамқұлов басқарды. Ол осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған еді.


Жансейіт Түймебаев  © Шүкір Шахай 

Атамқұловтың орнына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Жансейіт Түймебаев тағайындалды. Ол 1993 жылдан бастап сыртқы істер министрлігінің жүйесі қызметінде жұмыс істеген. Ал 2004 жылдан бастап Президент кеңесшісі болып қызмет еткен. 2007 жылдың 19 қаңтарынан бастап білім және ғылым министрі қызметінде болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай