07 ақпан 2023 10:50

2023 жылы қандай өнімдер едәуір қымбаттағаны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 2023 жылдың басынан бері елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізіміндегі қай өнімдер айтарлықтай қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тауарлар бойынша, жыл басынан бері бағасы едәуір өскен пияз - 22,5 пайыз, күріш - 5,2 пайыз, қырыққабат - 4,1 пайыз, сүт пен сәбіз - 3,1 пайыз, картоп - 3 пайыз, кеспе - 2, 6 пайыз болды", - деді Жұманғарин Үкімет отырысында.

Вице-премьердің айтуынша, 2023 жылғы қаңтарда инфляция 1,1 пайыз болған, оның ішінде азық-түлік - 1,4 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,9 пайыз, ақылы қызметтер - 0,7 пайыз.

"Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана мен Шымкентте - 2,2 пайыз, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстарында - 1,8 пайыз, Ақтөбе облысында - 1,7 пайыз, Ұлытау облысында - 1,5 пайыз болды", - деп толықтырды Премьер-министрдің орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети