2025 жылы Жамбыл облысының тұрғындары 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жуалы ауданы Күреңбел ауылында ауыз су жүйесін жаңарту және кеңейту жұмыстары басталып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жоба іске асырылуда. Бұл жұмыстар – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауызсумен қамту мақсатындағы жүйелі бастамалардың бірі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жуалы ауданы Күреңбел ауылында ауыз су жүйесін жаңарту және кеңейту жұмыстары басталып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жоба іске асырылуда. Бұл жұмыстар – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауызсумен қамту мақсатындағы жүйелі бастамалардың бірі.

Қазіргі таңда құрылыс алаңында су құбырларын тарту, жаңа су желілерін орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылып, жақын арада ауылдың барлық бөлігін қамтитын болады. Жоба аяқталған соң, Күреңбел ауылы толықтай таза әрі қауіпсіз ауызсумен қамтылады деп күтілуде.

Жергілікті халық бұл өзгерістерді қуанышпен қабылдап, ауылдың дамуы үшін жасалып жатқан нақты қадам ретінде бағалауда. Ауызсудың қолжетімді болуы – тұрғындардың денсаулығы мен тұрмысы үшін аса маңызды.

Күреңбел ауылындағы жұмыстар – елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жолындағы нақты жетістіктердің бірі. Ауыл әкімдігі тарапынан алдағы уақытта да халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

Суреттер: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстағы 371 елді мекеннің 97% сапалы ауыз сумен қамтылған. Жамбыл облысы тұрғындарын таза ауыз сумен қамту – басты басымдықтардың бірі болғандықтан, жыл соңына дейін 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Tengrinews
Жамбыл облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer