2025 жылы Қазақстанда қандай жолдар жөнделеді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Биыл 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жөндеу жүргізілмегеніне 30 жылдан 50 жылға дейін болған жолдар, Петропавл - Жезқазған (703 шақырым), Қандыағаш - Шалқар (246 шақырым), Жаңаөзен - Түрішақырыменстан шекарасы (156 шақырым), Қарағанды - Аягөз - Боғас (452 шақырым) толық жөндеуден өтеді. Жаңа жобалар бойынша құрылыс маусымы басталғанға дейін мердігерлерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер өткізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 94%-ды, ал жергілікті жолдарда - 91%-ды құрайды", - деді министр.

Өткен жылдары басталған ұзындығы 1,08 мың шақырым жобалардың: Қалбатау - Майқапшағай (405 шақырым), Күрті - Қонаев (67 шақырым), Қызылорда - Жезқазған (398 шақырым) және Ұзынағаш - Отар (42 шақырым) құрылысы жалғасып жатыр.

Министр мердігерлерді таңдау кезінде отандық компанияларға немесе шетелдік әріптестердің қатысуымен консорциумға артықшылық берілетінін, бұл қазақстандық құрылыс секторының одан әрі тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer