27 ақпан 2024 17:01

2035 жылға қарай Астана халқының саны қанша болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана халқының саны 2035 жылға қарай 2,3 миллион адамға жетуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана халқының саны 2035 жылға қарай 2,3 миллион адамға жетуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында ол министрлік Астана мен Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын әзірлегенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта Астана агломерациясы аумағына Астана және облыс халқының 40 пайызы тұратын Ақмола облысының үш ауданының 46 елдімекені және Қосшы кіреді. Соңғы 10 жылда Астана халқы 46 пайызға өсті. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай елорда халқы 2,3 миллион адамға жетеді.

Агломерация мекендерінен Астанаға күнделікті маятниктік көші-қон 200 мыңнан астам адамды және 30 мың автокөлікке жетеді. Осыған байланысты елордада инфрақұрылымның барлық түріне жүктеменің артуына, қала шеттерінің кеңеюіне, ыңғайлы көлік жүйесінің болмауына және әлеуметтік нысандардың тапшылығына алып келетін бірқатар проблемалар байқалады", - деді Байбазаров 27 ақпанда өткен Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін әзірленген кешенді жоспарда бірқатар жүйелі шаралар қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети